2020 жылдың 11-14 ақпаны аралығында жас зерттеушілерден құралған
Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына қатысты.
Жыл сайынғы конкурс осы жылы 22-рет өткізіліп отыр. Конкурс еліміздің барлық өңірлерінен келген 750-ден астам оқушыны (590 ғылыми жоба) қамтыды.
Конкурстың ашылу салтанаты Алматы қаласының Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізіліп, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Ақжол Аманжолұлы Боранбай конкурс қатысушыларынажылы лебізін білдірді. Ақжол Аманжолұлы өзінің құттықтау сөзінде балаларға ғылыми қызметте табыс, қол жеткізген нәтижелерімен тоқтап қалмай,
өз таланттарына әрқашан сенулеріне тілек білдірді.
Ғылыми жобаларды қорғау әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универтитетінде өтті. Ғылыми жобаларды қорғаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секцияларда тікелей-трансляциялар жүргізілді. Конкурсқа ШҚО командасы 27 жоба ұсынды.
Конкурстың қорытындысы бойынша, облыстың жетістіктер қоржыны 3 алтын, 7 күміс, 9 қола медальмен толықты.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Пятков Никита – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (математика);
- Сидоров Даниил – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (математика);
- Нұғрыбек Дәулет – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану).
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Сайлаубеков Тимур – Өскемен қаласы, №47 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы (физика);
- Толеугазы Алема – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 11 сынып оқушысы (техника);
- Аманғазина Жанбота – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Зайнолданова Анель – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
-
Есімхан Нұрай – Семей қаласы, №23 жалпы орта білім беретін мектептің
11 сынып оқушысы (биология); - Файзуллаев Ернат – Семей қаласы, Знаменка жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы (тарих);
- Жақсыбергенова Жанеля – Семей қаласы, №15 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы (тіл білімі).
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Коев Ансар – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы(физика);
- Пономарев Роман – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған
Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының
9 сынып оқушысы(физика);
- Ергалиева Амира – Семей қаласы, №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (математика);
- Александрова Алина – Семей қаласы, №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (математика);
- Чадоев Искандер – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
- Куанышев Диас – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 10 сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);
- Толеугалиева Мадина – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 9 сынып оқушысы (әдебиет);
- Жумадилов Дарын – Семей қаласы, «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушысы (этномәдениеттану);
- Толеубекова Ляйля – Глубокое ауданы, Белоусовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі).
Сонымен қатар, ерекше жетістіктер көрсеткені үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен 12 жас зерттеуші марапатталды.
«Математика» секциясында жоғары нәтиже көрсеткендері үшін
Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы
ДБА ММЛ 11 сынып оқушылары Сидоров Даниил мен Пятков Никита
Алматы қаласы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.
Республикалық конкурсты өткізу аясында қызыққа толы мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Балалар еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласының басты көрнекі жерлеріне саяхат жасады.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Болашақта жеңістер мен табыс тілейміз!





















