+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
14 Ақп, 13:42

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 19ақпан-6 наурыз аралығында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындары өткізіледі.

 

Аймақтық ойындар облыстың 2 хоккей қорабы мен 2 хоккей модулінде өтеді:

Шығыс дивизионы – 19-22 ақпан 2020 жыл, Алтай қаласындағы хоккей модулі, Алтай ауданы;

Оңтүстік дивизионы – 24-28 ақпан 2020 жыл, Үлгілі-Малшы ауылы, Көкпекті ауданы;

Батыс дивизионы – 26-29 ақпан 2020 жыл, Семей қаласы «Локомотив» стадионы;

Солтүстік дивизионы – 2-6 наурыз 2020 жыл, Өскемен қаласы, шайбалы хоккейден «ОРМБЖСМ» КММ.

Іс-шараның мақсаты:

           1) облыстың мектептерінде хоккейді насихаттау;

     2) республикалық және халықаралық жарыстарға облыстың құрама командасына үміткерлерді іріктеу;

           3) хоккейге қатысатын спортшылардың санын көбейту.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубоктар мен медаль табысталады.

Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 701516 телефонына хабарласуға болады.