+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономикадан облыстық турнир қорытындысы
12 Ақп, 19:42

2020 жылы 12 ақпанда Қазақстан-Американдық Еркін  Университетінің базасында жыл сайынғы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өтті.

Турнир қатысушылары – облыс қалаларының (аудандарының) және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының           10-11 сынып оқушылары.

Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау, экономика саласында дарынды оқушыларды бейіналды даярлау.

Жас экономисттердің жұмыстары құрамына облыстың үздік жоғарғы оқу орындарының ғалымдары енген әділқазылар алқасымен бағаланды.

Турнирдің нәтижесі бойынша 39оқушы жүлдегер атанды:

I дәрежелі дипломмен - 5 оқушы;

ІІ дәрежелі дипломмен - 14 оқушы;

ІІІ дәрежелі дипломмен - 20 оқушы марапатталды.

Турнирдің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған жүлдегерлер 2020 жылы наурызда Алматы қаласында өтетін экономикадан республикалық турнирге қатысады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, алда сәттіліктер тілейміз!