Бүгін, Алматы қаласының Ө. Жолдасбеков ат. студенттер сарайында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының салтанатты ашылуы өтті.
Конкурс, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 750-ден астам дарынды балаларды біріктірді.
ШҚО командасын іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен жас зерттеушілер ұсынатын болады.
Ашылу салтанатында РҒП «Дарын» орталығының директоры
Ақжол Аманжолұлы Боранбай құттықтау сөз сөйледі.
Енді, балаларды ертеңнен басталатын ғылыми жобаларды қорғау күтуде. Оқушылардың конкурстық жұмыстарының тыңдалуы онлайн-режімде
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.
Балаларға табыс пен жеңіс тілейміз!






