+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
11 Ақп, 19:20
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиынының қорытындысы. 
 
   2020 жылдың 5-9 ақпаны аралығында облыстың үздік ғалымдары мен оқытушылары және республикалық олимпиадаға көптеген жеңімпаздар даярлаған «International Chemistry Olympiad» маманы Аманжолов Азим Жетесович жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиада қатысушыларына арналған оқу-жаттығу жиынын өткізді. Олимпиада 2020 жылдың наурыз айында Қарағанды қаласында өтеді. 
Оқу-жаттығу жиындарының негізгі мақсаты – жаратылыстану-математика пәндері бойынша олимпиадалық есептерді шығару және практикум өткізу. 
Оқу-жаттығу жиынының оқытушылары есептерді талдауға және шығаруға ерекше көңіл бөлді, негізгі заңдар мен формулаларды түсінуге және есте сақтауға, олардың сипаттамалары мен оларды қолдану туралы идеяларды қалыптастыруға және нақты мәселелерді шешуге, талдауға ерекше назар аударды. 
Жиын барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін, практикалық және зертханалық жұмыстарда пайдалана білді. 
Біздің қатысушыларға табыс пен жоғары жетістіктер тілейміз!