2012 жылы 28 ақпан - 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысынан құрамында 10 адамнан (6 жоба) тұратын команда, Алматы қаласында оқушылар арасында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Олимпиада оқушылардың зерттеушілік жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру, құрылымын жетілдіру, сонымен қатар, математика ғылымына қызығушылық танытып, зерттеуге қабілетті оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен:
Сиднев Евгений – Риддер қаласындағы ОТК лицейінің 11-сынып оқушысы (қолданбалы математика);
Мұратқызы Назгүл – Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (экономика);
Каратаева Айдана - Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (экономика) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
1. Пименова Кэролайн - Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (экономика);
2. Нугманова Маржан - Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (механика);
3. Мұқаев Ержігіт - Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (механика);
4. Моманов Шалқар – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (қолданбалы математика);
5. Байғалиев Болат - Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (қолданбалы математика);
Халықаралық сайысқа қатысушылардың барлығы қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.