Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы іске қосылды.
Осы жоба аясында Өскемен қаласында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің іріктеу кезеңі өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты - елдегі қазіргі жағдайды талдау және қоғамдық талқылау арқылы жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық жағдайын арттыруға ықпал ету.
«Ұшқыр ой алаңы» Республикалық дебаттықтурнирінде Шығыс Қазақстан облысының атынан Семей қаласының командасы қатысады.
Республикалық кезеңге қатысушыларға біздің облысты лайықты түрде көрсетулерін тілейміз!