2020 жылғы 30 қаңтарда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.
Облыстық жас ақындар айтысының негізгі мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, импровизацияға бейім дарынды жастарды анықтау, сөздің әдеби күші мен шындықты поэтикалық түрде білдіру қабілетін дамыту, оқушылардың ұлттық поэзияға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Байқаудың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер атанды:
Бас жүлде - Бақытхан Мейрамбек, Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебі, 10 сынып оқушысы.
І орын – Рахат Тамаша, Жарма ауданы, Бірлік орта мектебі, 9 сынып оқушысы.
ІІ орын:
- Шеризатов Мағжан, Тарбағатай ауданы, Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені, 10 сынып оқушысы;
- Асылбек Аймерей, Өскемен қаласы, Ахмер орта мектебі, 7 сынып оқушысы;
- Байбуринова Тоғжан, Абай ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейі, 8 сынып оқушысы.
ІІІ орын:
- Адилов Айхат, Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебі, 10 сынып оқушысы;
- Айдарова Амина, Аягөз ауданы, Сергиополь жалпы білім беретін орта мектебі, 10 сынып оқушысы;
-
Оразымбаев Еркебұлан, Тарбағатай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебі,
8 сынып оқушысы.
Облыстық кезеңнің Бас жүлдені иеленген жеңімпазы Бақытхан Мейрамбек ағымдағы жылғы 26-28 ақпанда Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында өтетін конкурстың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атын танытады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Республикалық кезеңде Мейрамбекке жеңіс тілейміз!