+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
30 Қаң, 17:35

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының (әрі қарай – Байқау)облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

1.2. Байқаудың мақсаты - әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға ықпал ету.

1.3 Байқаудың міндеттері:

- балалардың бастамаларын қолдау және қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерді шешуге аудару;

- әлеуметтік саладағы бастамаларды жүзеге асырудағы оң тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату;

- балаларды әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асыруға қатысуға ынталандыру.

1.4. Байқау ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен(әрі қарай – Орталық) өткізіледі.

1.5. Байқауды дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитетінің құрамы (әрі қарай – ұйымдастыру комитеті) бекітіледі.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

1) берілген Ережеге сәйкес Байқаудың өтуін қадағалайды;

2) Байқауға басшылық жасайды;

3) Байқаудың қазылар алқасының құрамы және саны бойынша ұсыныс жасайды;

4) Байқау қорытындысын талдайды және жалпыландырады.

2.2. Байқаудың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына төраға мен қазылар алқасының мүшелері кіреді.

2.3. Қазылар алқасының құрамына жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, жоғары санатты әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер мен білім басқармасы органдарының өкілдері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары кіруі мүмкін. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне оқушылары қатысатын мұғалімдер қазылар алқасына енгізілмейді.

2.4. Байқаудың қазылар алқасы:

1) Байқаудың облыстық кезеңнің жұмыстарын бағалау критерийін бекітеді, жұмыстарды бағалайды;

2) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы мәселелерді талқылайды, қажет болған жағдайда сәйкес түзетулер енгізеді;

3) жеңімпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекітуге ұсынады;

4) республикалық байқау қатысушыларының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетімен бірлесе анықтайды. 

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқау ««Балалар идеясы – Мәңгілік елге»» тақырыбы бойынша өткізіледі.

3.2. Байқауға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары, интернат мекемесінің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар, сонымен қатар, қоғамдық балалар бірлестіктері, балалардың бастамашыл топтары қатысады. 

Қатысушылардың жасы – 11-ден 18 жасқа дейін.

Жобалық жұмыстар жеке немесе топпен (2 қатысушыдан кем емес) орындалуы  мүмкін.  
3.3. Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтік маңызды нәтиже алуға бағытталған, ұсынылған сәтте іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі балалардың әлеуметтік бастамасының сипаттамасы ұсынылуы мүмкін (жоба, бизнес, акция немесе шаралар кешені).
3.4. Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
І кезең – аудандық (2020 жылдың 3 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткізу қажет);
ІІ кезең – облыстық (наурыз-сәуір).
Байқаудың Облыстық кезеңіне нәтижеге сәйкес аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары, аудан/қаладан 4 қатысушыдан артық емес қатысады.

3.5. Байқау жобаларына қойылатын талаптар:

Жобалар қағаз және электронды түрде (флеш-картада немесе CD дискте) қабылданады.

Байқауға қатысу үшін келесілер ұсынылады:

  • әлеуметтік бастаманың қысқаша сипаттамасы (атауы, мақсаттары, міндеттері, өзектілігі, іске асыру мерзімі, қатысушылардың саны, қысқаша сипаттамасы, нәтижелерін бағалау) бар қатысуға өтінім;
  • жобаның көлемі А4 форматта 10 беттен кем және 20 беттен артық болмауы керек;
  • Times New Roman қаріпі, 14 кегль, бір жоларалық интервал.
  • сипаттамаға фотосуреттер, БАҚ материалдары және т.б. қоса берілуі мүмкін.

3.6. Жеке жобаны таныстыруға және қорғауға 5-7 минут, ал топтық жобаға 7-10 минут беріледі. Байқау жұмыстарын қорғауды Power Point-тағы слайдтық презентациямен немесе бейнебаянмен жүзеге асыруға болады.

3.7. Байқау жұмысының негізгі бетінде жоба атауы, автордың немесе авторлардың аты-жөні, жасы, жобаның жетекшісі және қала (аудан) атауы беріледі.

3.8. Байқау жұмыстарын бағалаудың негізгі критерийлері:

1) байқаудың материалдары ереже талаптарына сәйкес келуі;

2) ұсынылған жұмыстың әлеуметтік маңызы;

3) іске асырудың тиімділігі;

4) әлеуметтік бастамаларды басқа аймақтарда жүзеге асыру мүмкіндігі;

5) қоғамдық қорғаныс (сөйлеу мәдениеті, сөйлеудің сенімділігі, аудиториямен жұмыс істеу қабілеті).

3.9. Байқаудың Республикалық кезеңіне нәтижеге сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары, облыстан 3 қатысушыдан артық емес қатысады.

4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

4.1. Байқаудың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен марапатталады.

5. Қаржыландыру

5.1. Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Орталықпен жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.