+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО жас зерттеушілері «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпаздары
29 Қаң, 18:38

2020 жылдың 27-29 қаңтары аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.

Конкурс жыл сайын балалардың зерттеу қызметіне дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Дәстүрлі түрде Конкурсқа ғылымға қызығушылық танытқан еліміздің 500-ден астам жас зерттеушілері қатысты. Бұл конкурста Шығыс Қазақстан облысының намысын 37 оқушы (25 жоба) қорғап қайтты. Жас зерттеушілер өздерінің қызықты және бірегей тақырыптарымен байқауға лайықты түрде қатысты.

Конкурс аясында қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл бағдарламада қатысушылар Щучье-Бурабай аймағына саяхат жасап, Абылай хан алаңында тілектер тіледі. Сонымен қатар, Бурабай көлінде орналасқан Жұмбақтасқа барды.

Конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО құрама командасының жетістіктер қоржынында: 1- Гран-при,  15 - бірінші, 13 - екінші және 5 - үшінші орын бар. Сонымен қатар, 3 қатысушы Республикалық Ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, сондай-ақ ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!