+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Өзін-өзі тану пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу ережесі
27 Қаң, 18:11
  1. Жалпы ережелер

Осы Ереже Өзін-өзі тану пәні бойынша мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

Шараны өткізудің мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), дарындылықпен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы).

Олимпиаданың өту тілі - қазақ және орыс тілдері.

2. Олимпиаданың өту мерзімі, тәртібі

Олимпиада 4 кезең бойынша өткізіледі.

1) бірінші кезең – мектепшілік, 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: «Шығармашылық және сүйіспеншілік педагогика» онкүндігінде өткізіледі. Бірінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары жеке сынаққа қатысады. (5-8 сынып оқушылары мектептің олимпиадалық резервін қалыптастыру үшін қатысады);

2) екінші кезең – аудандық, қалалық, жыл сайын ақпан айының екінші онкүндігінде жеке сынақта 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі;

3) үшінші кезең – облыстық, жыл сайын ақпан айының үшінші онкүндігінде өткізіледі;

4) төртінші кезең – республикалық, наурыз айында 9-11 сынып оқушылары – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында өткізіледі.

Облыстық кезең 3 турдан тұрады:

1 тур – тестілеу (облыстық және республикалық кезең on-line режимінде 25 сұрақтан тұрады, берілетін уақыт – 40 минут).

2 тур – рухани-адамгершілік білім беру туралы эссе жазу (көлемі 1-1,5 бет; берілетін уақыты – 60 минут).

3 тур – әлеуметтік жоба құру (берілетін уақыты 60 минут. Жобаны қорғауға 5-7 минут уақыт беріледі).

Олимпиаданың барлық кезеңдерінде апелляция қарастырылмаған.

Олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдеріне арналған тапсырмалар жиынтығымен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдістемелік кеңесі қамтамасыз етеді.

3. Олимпиаданың жұмысшы органдары

Олимпиадаға дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын  үйлестіру, жүзеге асыру үшін білім басқармасы бұйрығының негізінде облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті:

- барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- Олимпиадаға тікелей басшылық жасайды;

- барлық пән бойынша қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын; қоғамдық бақылау және үйлестіру кеңесінің құрамын белгілейді;

- Олимпиаданың нәтижесін талдап, қорытындылайды;

- ІІІ кезең қорытындысы бойынша есеп және Өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадаға облыс оқушыларын қатыстыруға өтінім береді;

- Олимпиада материалдарын жариялайды.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына ЖОО жетекші оқытушылары, магистрлары, әдіскерлер, тәжірибелі педагогтар кіреді.

Қазылар алқасы құрамына оқушылары Олимпиадаға қатысып отырған ЖОО оқытушылары мен мұғалімдер кіруге болмайды.

Олимпиаданың қазылар алқасы:

-.Олимпиада тапсырмаларын тексереді, жұмыстардың айналымдардың объективтілігі мен тексерілу сапасына жауап береді;

- оқушылардың жұмыстарындағы даулы жағдайларды талдайды, қажет болған жағдайда тиісті түзерулер енгізеді;

- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

4. Қатысушылардың құрамы

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелердің 9-10-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиадаға іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жинақталған аудан/қала командасы қатысады.

Команда құрамында – оқу тіліне қарамастан 6 оқушы және 1 жетекші болады. (9 сынып – 2, 10 сынып – 2, 11 сынып –2 қатысушы).

Команда мүшелерінің барлығы олимпиадаға қатысуға берілген өтінімде болуы керек.

5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Қаржыландыру

Олимпиаданы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.