+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған Республикалық Абайтану олимпиадасының қорытындысы
23 Қаң, 15:16

Абай Құнанбаев – қазақтың байтақ даласының ұлы ақыны, қазақ елінің мақтанышы. Ол өз өсиетінде «Ақылды бол, күресте рухыңды күшейт, тағдырға тек талантсыз мойынсұнады» деген.

2020 жылдың 20-24 қаңтары аралығында еліміздің мәдениетті астанасында Ұлы ақынның 175-жылдығын мерекелеу жылына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық Абайтану олимпиадасы өтті.

Олимпиада Абай ат. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернаты базасында өткізілді. Олимпиадаға еліміздің білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының командасын 6 дарынды оқушы – олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары ұсынды.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО командасының
5 қатысушысы жүлдегер атанды.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Кәріпбаева Аружан – Абай ауданы, Шәкәрім атындағы орта мектептің
 9 сынып оқушысы;

- Оралханова Жанел – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Амирбекова Жансұлу – Алтай ауданы, №9 орта мектептің 9 сынып оқушысы;
  • Құмарбекова Аружан – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың
    10 сынып оқушысы;
  • Ұшқынқызы Дина – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы.

Аягөз ауданы, №1 орта мектептің 10 сынып оқушысы Төлегенова Айдана үздік білім көрсеткені үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.  

Олимпиада аясында қатысушылар психологиялық тренингтер мен көрмелерге қатысып, М. Әуезов ат. драма театрға барды.

 

Жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!