І. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 10-11 сынып оқушылары арасында «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» атты облыстық шығармалар байқауының (ары қарай – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.
1.2.Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.3.Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың таңдалған тақырыпты шығармашылық тұрғыдан түсіну, туындаған проблема бойынша өз көзқарасы мен пікірін білдіру қабілетін дамыту;
- оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, Абай шығармаларының жас ұрпақ үшін маңыздылығын көрсету;
- өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру, Қазақстанның салт-дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге баулу;
- дарынды балаларды анықтау, оларды одан әрі дамытуға ықпал ету;
- оқушылардыңтарих, мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық қызығушылығын дамыту.
2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).
2.2.Ұйымдастыру комитеті:
- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
- Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;
- талдайды және қорытындылайды.
2.3. Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.4. Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:
- тақырыптың тереңдігі және сенімді пайымдаулар;
- дәлелдеу;
- композициялық тұтастық және логика;
- сөйлеу мәдениеті;
- сауаттылық және нақты сөйлеу дәлдігі.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқау облыстық мамандандырылған мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптары оқушыларының арасында өткізіледі.
3.2. Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен конкурсына қатысу квоталарға сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша 1).
4. Байқау жұмыстарының талаптары
4.1. Байқауға «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы»тақырыбына эссе қабылданады. Эссе кез-келген түрде жазылады.
4.2. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады, көлемі 200 сөзден кем емес. Жұмыс оқушы сызғыштағы дәптерінде орындалады. Дәптердің мұқабасында келесі ақпарат болады: қатысушының тегі мен аты, жасы, сыныбы, электрондық поштасы, байланыс телефоны; Жетекшінің аты-жөні, білім беру ұйымының толық атауы, облыс, қала, аудан, ауыл.
4.3. Плагиат жұмыстар алынып тасталады.
4.4. Байқауға қатысуға нысан бойынша өтінім (Қосымша 2) vk_daryn@mail.ruэлектронды мекен-жайына жіберіледі. Дәптерлер ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша жіберіледі: Абай 21, 1 қабат, 1 кабинет. Өтінімдер мен дәптерлер 2020 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 27 қаңтарынан кешігіп келіп түскен конкурстық материалдар, сонымен бірге оларға қойылатын талаптар бұзылған болса ескерілмейді.
4.5. Конкурстық материалдар қайтарылмайды.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттары беріледі.
6. Байқауды өткізу мерзімі және кезеңдері
6.1. Байқау жұмыстары мен өтінімдер 2020 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады.
6.2. Конкурсты қорытындылау: 31.01.2020ж.
7. Байқауды қаржыландыру
7.1. Конкурсты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.
Қосымша 1
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
10-11 сынып оқушылары арасында «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» атты облыстық шығармалар байқауына қатысу квотасы
|
№ п/п |
Район/город/ОСШДО |
Квота |
|
1 |
Өскемен қ. |
8 |
|
2 |
Семей қ. |
8 |
|
3 |
Риддер қ. |
8 |
|
4 |
Курчатов қ. |
8 |
|
5 |
Абай ауданы |
8 |
|
6 |
Бесқарағай ауданы |
8 |
|
7 |
Бородулиха ауданы |
8 |
|
8 |
Жарма ауданы |
8 |
|
9 |
Зайсанауданы |
8 |
|
10 |
Катон-Қарағайауданы |
8 |
|
11 |
Көкпекті ауданы |
8 |
|
12 |
Күршім ауданы |
8 |
|
13 |
Ұлан ауданы |
8 |
|
14 |
Үржар ауданы |
8 |
|
15 |
Алтай ауданы |
8 |
|
16 |
Глубокое ауданы |
8 |
|
17 |
Тарбағатай ауданы |
8 |
|
18 |
Аягөз ауданы |
8 |
|
19 |
Шемонаиха ауданы |
8 |
|
20 |
МФИ ДБА ОМШ |
4 |
|
21 |
IT лицей |
4 |
|
22 |
Жамбыл ат. ДБАОММГИ |
4 |
|
23 |
ДБА ОММЛИ |
4 |
|
24 |
Өскемен қ. ДБА «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ОМЛ |
4 |
|
25 |
ДБА Ш.Уалиханов ат "Жас Ұлан" МЛИ |
4 |
|
26 |
Семей қ. ДБА «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ОМЛ |
4 |
|
ИТОГО: |
180 |
|
Қосымша 2
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
10-11 сынып оқушылары арасында «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» атты облыстық шығармалар байқауына қатысуға өтінім
_______________________________ ауданынан
|
№№ |
Байқауға қатысушының аты, тегі |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сынып |
Жетекшінің аты, тегі(толығымен) |
Лауазымы/жұмыс орны(байланыс телефондары) |
Оқушының жағдайы (көп балалы/аз қамтылған/жетім) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білім бөлімінің басшысы қолы және мөр