1. Жалпы ережелер
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру, облыстың дарынды оқушыларын анықтауға, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, табысқа жету уәжін қалыптастыру.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (ары қарай – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай – ШҚ ӨҒПО «Дарын»).
Қашықтықтан өткізілетін олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Олимпиадаға қатысу ерікті және ақылы түрде.
2. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданының ұйымдастыру комитеті:
- олимпиаданың түрін, тәртібін және өткізілу мерзімін анықтайды;
- олимпиаданың дайындығы мен өткізілуіне байланысты жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- олимпиаданың құжаттарын дайындайды, оны өткізу үшін қажетті материалдарды шығарады және талдап, қорытындысын шығарады;
- олимпиаданың материалдық қамтамасыз етілу және қаржыландыру мәселелерін шешеді;
- қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың тапсырмаларын дайындайтын, сонымен қатар тапсырмаларға түзетім жасайтын шығармашыл ұстаздардың құрамын қалыптастырады;
- олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді;
- олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайды;
- олимпиаданың өткізілу тәртібін арттыру бойынша ұсыныстар қарастырады;
- осы ережеге сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері қашықтықтан өткізілетін олимпиада өткізілгенге дейін құпиялылығына жауап береді.
3. Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың қатысушылары
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің барлық тілек білдіруші 5-10 сынып оқушылары қатысады.
4. Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың өту тәртібі
Олимпиада алдын ала іріктеусіз on-line режимінде өткізіледі.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданы өткізу үшін Интернет жүйесіне қосылған компьютерлер қажет.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиада тест түрінде төмендегі пәндер бойынша өткізіледі: математика, тарих, қазақ мектебiндегi қазақ тiлi, орыс мектебiндегi орыс тiлi, биология.
Әр пән бойынша әр сыныпқа және тіліне байланысты 300 және оданда көп тестік тапсырмалар беріледі.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға бiр қатысушы бір немесе бiрнеше немесе барлық пән бойынша кестеге сәйкес өзіне қолайлы уақытта қатыса алады.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың ұйымдастыру жарнасы әр пән бойынша 200 теңге.
Төлемдер үшін реквизиттер:
КМҚМ ШҚ ӨҒПО «Дарын»
РНН 181600062103
АО АТФ Банк Өскемен қаласы
Р/с KZ 92826F0KZTD2000869
БИК ALMNKZKA
БИН 990840001922
КБЕ 16
Олимпиаданың өтілу кестесі:
12-18 наурыз - тарих (тапсырыстар 06 наурызға дейін қабылданады);
24-31 наурыз - қазақ мектебiндегі қазақ тiлi, орыс мектебiндегi орыс тiлi (тапсырыстар 19 наурызға дейін);
02- 08 сәуiр аралығында – математика (тапсырыстар 26 наурызға дейін);
09- 15 сәуір аралығында – биология (тапсырыстар 03 сәуірге дейін).
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысуға сұранысты мына электрондық адреске VK_daryn@mail.ru төмендегідей түрде жіберу керек:
|
№ |
Оқушының аты, тегі
|
Қала/аудан |
Мектеп, сынып
|
Таңдау пәні |
Оқу тілі |
Электрондық адресі |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сұраныспен бірге ұйымдастыру комитетіне төленгені туралы түбіртекті қоса жіберу керек.
Қатысушыларға сұраныста көрсетілген электрондық адреске логин және пароль, порталмен жұмыс істеу инструкциясы жіберіледі. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларына олимпиада өткізілетін күні белгіленген уақытта қол жеткізе алады.
Тапсырмаларды орындау үшін жаратылыстану, гуманитарлық пәндер бойынша 60 минут, математика пәні бойынша 90 минут уақыт беріледі. Бір ғана әрекеттен нәтижесі белгілі болады.
Қатысушы тапсырманы орындағаннан кейін нәтижесі шығады.
5. Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың қатысушыларын дисквалификациялау
Оқушы тапсырманы орындаған кезде күмәнсіз және әділ нәтижесін алу мақсатында олимпиаданың өткізілу ережесінің маңыздысының бірі болып ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАУЫ болып табылады. Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылардың ережені сақтауларын бақылауға құқықтары бар.
Тестілеуді өткізудің жинақталған тәжірибе көрсеткендей, тест тапсырмаларын өздігінен орындаған оқушының мүмкін болған барлық ұпай санын жинауы өте сирек кездеседі. Осыған байланысты, неғұрлым көбірек қате жіберетін жағдайда оқушы өздігінен орындады деген тұжырым болады. Егер қатысушылардың (әсіресе бір білім мекемесінен) барлықтары бірнеше қателерді бірдей белгілесе, онда олимпиаданың өткізілу ережесін бұзу туралы белгі қызмет етеді. Жұмысты қарау кезінде ұқсас графалар кезіксе «Көшіргенге күдіктену» белгісі қойылады *.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті кімнің жұмысы осыған сәйкес келсе олимпиадаға қатысушыларды дисквалификациялауға (нәтижесін есептемеуге, жүлдегерлер тізімінің қорытынды тізімінен алып тастауға) құқығы бар.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, республикалық оқыту-сауықтыру орталығына, оқушылардың «Дарын» Жазғы Академиясына жолдамалармен марапатталады.
7. Олимпиаданы қаржыландыру
Қашықтықтан өткізілетін олимпиада қатысушылардың ұйымдастыру жарналарының есебінен қаржыландырылады. Осы қаражат қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың өткізілуінің шығын сметасына жұмсалады.