+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
10-11 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» облыстық қашықтықтан шығармалар байқауын өткізу туралы
21 Қаң, 16:50

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстанғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 31 қаңтарда 10-11 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» облыстық қашықтықтан шығармалар байқауын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке және Қазақстанның тарихы мен дәстүріне құрмет рухында тәрбиелеу.

Конкурсқа қатысуға өтінімді Ереже талаптарына сәйкес (Қосымша) 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.

Конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 27 қаңтарына дейін Өскемен қаласы, Абай 21, 1 қабат, 1 кабинет мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жеткізу қажет.