Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жас ақындар арасында «Жыр Алыбы – Жамбыл» айтысын өткізеді.
Айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, табу мен табиғи талантты қалыптастыру қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.
Байқауға 8–11 сынып оқушылар - қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады
Жас ақындарды Шығыс Қазақстан облысының мәдени саласының қызметкерлері, ақындар, облыстық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері болатын білікті қазылар алқасы бағалайды.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2020 жылы 27-28 ақпанда Алматы облысында өтетін жарыстың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Дарынды балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы хабарлауға қызығушылық танытқан БАҚ-тарды 2020 жылдың 30 қаңтарында сағат 10.00-де Новаторов 9А к-сі мекен-жайы бойынша (Математика, физика, информатика бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі, акт залы).
Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын, немесе 8 (7232) 75-26-91 қоңырау шалуға болады.