1. Жалпы ережелер
1. Балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын облыстық кезеңін өткізу ережелері(бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.
2. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
3. Форумның міндеттері:
1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;
4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;
5) білім алушылардың жоғары оқу орындарына дейінгі түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
4. Ұйымдастырушылар Форумды дайындауға және өткізуге ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
2. Форумды өткізу орны және уақыты
5. Республикалық форумың облыстық кезені 2020 жылғы ақпанның үшінші онкүндігінде Өскемен қаласында өткізіледі.
6. Қатысушылар туралы мәліметтерді көрсете отырып (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы; топ жетекшілерінің Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефондары) қосымшаға сәйкес аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған қатысу өтінімдері Форум ұйымдастырушыларына 2020 жылғы 17 ақпанға дейін жіберіледі.
3. Форумға қатысушылар
8. Форумға аудандық форум кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 14-17 жас (18 жасқа дейін).
Әр ауданнан тек бір команда қатысады, оларды келесі құрамда ұсынуға болады:
- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылар командасы;
- ТжКБ оқу орындарының студенттер командасы;
- орта мектеп оқушылары мен ТжКБ оқу орындарының студенттерінен құралған топ.
9. Жалпы қатысушылардың саны – 135 адам (9 білім алушы+1 жетекші).
10. Форумды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аудандардың білім бөлімдері анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.
Форумды өткізу орнына дейін жету кезінде, Форумды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде топтың әр қатысушысы заттарының сақталуына өзі жауапты.
11. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:
білім алушылардың және топ жетекшілерінің Форумның аудандық кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Форумға қатысу үшін жолданғаны туралы білім бөлімі басшысының бұйрығы;
қатысушылардың тізімі;
қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.
12. Аудандық әрбір делегацияларының ерекше киім элементтері: галстук, кепка, бейсболка, эмблема, сондай-ақ спорттық киім, қосалқы киім, аяқ киім және жеке гигиена заттары болуы қажет.
4. Форумды өткізу тәртібі және шарты
13. Бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Форумекі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Форум;
аудандық Форум;
облыстық Форум.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Форум.
14. Форумғакелесі номинациялар бойынша жекелеген жұмыстар қабылданады:
1. «Осындай мамандық бар» – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы.
Жұмыста ұсынылуы қажет: мамандықтың мазмұны мен еңбек шарты туралы ақпарат; білім беру ұйымдарында оны алу талаптары мен ерекшеліктері; мамандықтың еңбек нарығында сұранысы, осы мамандыққа адам қажет етілетін ұйымдар туралы ақпарат және басқа да кезкелген мамандық туралы пайдалы ақпарат. Жұмысы қорғау уақыты – көрсету материалын пайдалана отырып 5-7 минут.
Талаптар: слайдтың саны 10-нан артық емес; файлдың көлемі – 8МБ-тан көп емес; PowerPoint форматы; интернет-ресурстарына гиперсілтеме қолдануға, презентацияға шағын роликтер, әуенмен сүйемелдеуге, суреттер қоюға болады; презентация бір стильді сақтауы қажет (түс, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы).
2. «Адами ресурстар: болашақ капиталы» - видеоблогерлер байқауы.
Форумға дәстүрлі немесе сандық технологиялар – бейнекамералар, экшнкамералар және ұялы телефондар арқылы түсірілген мамандықтар туралы 3 минуттық влог ұсыну қажет. Мамандық сипаттамаларына шолу, оның ерекшеліктері, қоғамға пайдасы, адамның жеке қасиеттерінің таңдалған мамандығына сәйкестігі, осы кәсіптегі табысты адамдармен сұхбат, кәсіптің болашақтағы дамуы, аталған кәсіптегі адамның тұлғалық өсуі, мамандық алу кезеңдері және т. б. қолданылады.
Осы номинация мамандықты бағалауда түрлі көзқарастың барын болжайды, зерттеу дағдыларын қолдану, БАҚ мақалаларын талдау, сауалнама жүргізу, сұхбат алу.
Влогты өтінішпен бірге флешкаға немесе CD-ROM-ға 2020 жылдың 17 ақпанына дейін жіберілуі керек.
3. «Мен мамандықтар әлеміндемін» - әдеби байқау (эссе).
Бір қатысушы болашақ мамандығы туралы тақырыпты ашатын, өзінің таңдауын және ел үшін осы мамандықтың маңыздылық деңгейін ашатын эссе жазады. Ұсынылатын сөздердің саны: 250-300, тапсырманы жазу уақыты: 2 сағат, жас санаты-15-17 жас.
«Осындай мамандық бар» мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы барысында әдеби байқау өткізіледі.
4. «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - КТК шеңберіндегі номинациялардың тақырыптары:
1) «Визитка-түйіндеме» байқауы (5 минут);
2) «Ширату» байқауы (3 минут);
3) «Үй тапсырмасы» байқауы (7 минут).
15. Форумға ұсынылған жұмыстар әділ қазылармен мына өлшемдер бойынша бағаланады:
ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі;
таңдалған мамандыққа дәлелдеме;
ұсынылған материалдың түпнұсқалығы мен шығармашылық тәсілдемесі;
тақырыпты анықтау тереңдігі;
мамандықты алудағы кезеңділік;
техникалық талаптарға сәйкестігі.
16. Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын номинациялар бойынша орындау міндетті шарт болып табылады.
5. Форум қатысушыларын марапаттау
17. Форумның жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Форум қатысушыларына сертификаттар табысталады. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2020 жылдың 30-31 наурыз аралығында Өскемен қаласында өтетін Республикалық форумға қатысады.
6. Форумды қаржыландыру
18. Форумның өңірлік кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
18. Форумға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге бару және кері қайту жол ақысы және жолдағы тамақтануы жберуші жақтың тарапынан төленеді.
19. Форумды өткізу және ұйымдастыру, оқушылардың тамақтануына, тұруына шығыстар «Дарын» орталығының есебінен жүзеге асырылады.
1-қосымша
Балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша
«Мамандықтар әлемін ашамыз»республикалық форумын облыстық кезеңіне қатысуға өтінім
______________________ауданының қатысушылары
|
№ |
Оқушының Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Сыныбы/курс |
Білім беру ұйымы |
Байланыс телефоны |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
Делегация жетекшісі: (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, мобильді телефон)
____________________________________________________________
___________________ ауданның білім бөлімі басшысы ___________________ Т.А.Ә.
(қолы)
Өтінім білім бөлімі басшысының қолымен және мөрімен бекітіледі.