+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Физика, математика және информатика пәндерінен ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы
13 Қаң, 18:29

2020 жылдың 8-14 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физико-математикалық мектептер арасындағы байланысты нығайту.

Жәутіков олимпиадасы бірегей олимпиада болып саналады, осында жеке рейтинг пен алыс және жақын шетелдердің үздік мамандандырылған мектептерінің мықты командалар рейтингісі шығарылады.

Халықаралық олимпиадаға 18 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының намысын, 6 қатысушы – ұлттық олимпиада құрама резервінің мүшелері, республикалық, облыстық олимпиадалар жеңімпаздары қорғады.

Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, сонымен қатар ең үздік көрсеткіш дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталғандар:

- Мағауин Расұл – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);

- Байболов Темірлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Мухаметкарим Кайырлы - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика) марапатталды.

Олимпиада аясында мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды: спорттық ойындар, деректі фильмдерді қарау, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайын тамашалау, «Медеу» спорт кешеніне саяхат, сонымен қатар Алматының көрікті жерлеріне экскурсия.

 

Оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!