2012 жылдың 20-24 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты. Шараға барлығы 501 оқушы (395 жоба), соның ішінде, бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) айналымнан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
Жарыстың ашылуы республикамыздың алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі - Әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ-нде өтті. Жарысқа қатысушылар «Алатау» емдеу-сауықтыру кешенінде тұрақтады.
Ғылыми жарыс 4 бағыт бойынша өтті:
Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика,
информатика);
Экономикалық өсудің негізгі буыны ретіндегі ғылыми - техникалық прогресс (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
Таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).
Республикадағы алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған білікті әділ қазылар алқасы жобаларды келесі тұрғыдан бағалады: шығармашылық қабілеттілігі; ғылыми ойлауы; қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі; тақырыптың ашылу дәрежесі; жете ашуы; шеберлік шешендігі; ұсынылған материалдың сапасы; айқындылығы; команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.
Шығыс Қазақстан облысынан республикалық конкурсқа 26 оқушы (22 жоба) қатысты.
Республикалық кезеңге дайындық барысында қатысушылар үшін облысымыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қызметкерлерінің қатысуымен консультациялар өткізілді.
Жарыстың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы І жалпыкомандалық орынға ие болып, «2012 жылғы республикалық ғылыми жарыстың үздік командасы» сертификатымен марапатталды.
12 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Оқушылардың ғылыми жарысының дипломдарымен келесі оқушылар марапатталды:
2 орын:
- Мұрат Мәдина, Семей қаласындағы №37 МГ 11-сынып оқушысы (тіл білімі);
- Мұратқызы Назгүл, Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (экономика);
- Қаратаева Айдана, Семей қаласындағы ДБА Шәкәрім ат. ОМҮТББМ 11-сынып оқушысы (экономика);
- Байпеисова Мәдина, Өскемен қаласындағы №3 МГ 11-сынып оқушысы (этномәдениеттану);
- Ясман Асер, Семей қаласындағы №37 МГ 11-сынып оқушысы (этномәдениеттану);
- Арестов Виталий, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (математика);
3 орын:
- Плеслова Елизавета, Өскемен қаласындағы №38 МГ 11-сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);
- Левонесова Ксения, Өскемен қаласындағы ДБА №34 ОММЛ (орыс әдебиеті);
- Колиниченко Евгений, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (математика);
- Ерназар Мөлдір, Семей қаласындағы №22 ОМ 11-сынып оқушысы (тіл білімі);
- Қабылова Мунира, Глубокий ауданындағы Уваров ОМ 11-сынып оқушысы (химия);
- Мұқашева Әйгерім, Өскемен қаласындағы ДБА «Восток» ҒЗДО 11-сынып оқушысы (этномәдениеттану).
10 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды:
- Федоров Виталий, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (Жер және Космос туралы ғылымдар);
- Коровкин Анатолий, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (информатика);
- Бликс Жұпар, Аягөз ауданындағы Горный ОМ 9-сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Шакенов Дамир, Васильченко Владислава, Өскемен қаласындағы ДБА «Восток» ҒЗДО 11-сынып оқушылары (информатика);
- Ишмухаметова Зарина, Семей қаласындағы № 11 ОМ 11-сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);
- Сеитова Жанерке, Семей қаласындағы №30 ОМ 11-сынып оқушысы (орыс әдебиеті);
- Үрістемова Әсем, Семей қаласындағы №30 ОМ 11-сынып оқушысы (орыс әдебиеті);
- Зейнелова Бинур, Өскемен қаласындағы ДБА №34 ОММЛ (этномәдениеттану);
- Омарова Дана, Семей қаласындағы №6 МГ 8-сынып оқушысы (өлкетану).
4 оқушы Әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ-нің грантын алды:
- Бүркітова Әмина, Мұратова Толғанай, Семей қаласындағы ЭЛ 11-сынып оқушылары (техника);
- Коровкин Анатолий, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (информатика);
- Ракишева Зарина, Өскемен қаласындағы №24 ОМ 11-сынып оқушысы (информатика).
Айтқалиев Ғалымжан, Өскемен қаласындағы ОММФИМ 11-сынып оқушысы (физика) – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантын ұтып алды.
Мұқашева Әйгерім - Өскемен қаласындағы ДБА «Восток» ҒЗДО 11-сынып оқушысы (этномәдениеттану) – арнайы марапатқа ие болды: 2012 жылы Питсбург қаласында өтетін жоғары сынып оқушыларының арасында өтетін әлемдегі ең ірі ғылыми жарыс халықаралық Intel ISEF ғылым мен техника сайысына қатысуға шақыру.
Республикалық ғылыми жарыстың әрбір қатысушысына финалист медалі және қатысқаны үшін сертификат берілді.