+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8 -11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысы байқауын өткізу туралы
09 Қаң, 14:54

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығыШҚО жалпы білім беретін ұйымдардың 8 -11 сынып оқушылары арасында«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстықжас ақындар айтысының байқауын (бұдан әрі - Айтыс) өткізеді.

Айтыстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Айтысқа қатысуға өтінімді Ереже талаптарына сәйкес  (қосымша) 2020 жылғы 24 қаңтарға дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.