+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
07 Қаң, 12:57

2020 жылдың 4-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға облыстың 9-11 сыныптарының 700 жуық оқушысы – аудандық/ қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Жыл сайынғы олимпиада жаратылыстану-математика цикл пәндері (математика, физика, химия, биология, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық цикл (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, Қазақстан тарихы, Адам. Қоғам. Құқық) пәндері бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында өткізілді.

Қатысушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өтті.

Олимпиаданың екі айналымының қорытындысы бойынша 367 қатысушы жеңімпаз атанды: 75 оқушы І дәрежелі дипломмен, 124 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 168 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2020 жылдың Үздік олимпиадалық командасы болып Өскемен және Семей қалаларының облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»лицейінің құрамалары атанды.

«Үздік ауыл мектебі – 2020» номинациясымен Глубокое ауданы №1 Белоусовка орта мектебінің және Күршім ауданы №1 орта мектептің командалары марапатталды.

 «Үздік ауыл оқушысы – 2020» номинациясында Бородулиха ауданы, Жезкент кенті мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Бейсенбаева Асем және Глубокое ауданы, Степное негізгі мектеп-балабақша кешенінің 9 сынып оқушысы Садыкова Еркежан марапатталды.

Сонымен қатар, химия, биология, ағылшын тілі, информатика, физика және математика пәндерінен абсолютті жеңімпаздарға (түлектерге) Astana International University атынан арнайы марапат берілді.

Білім беру гранттарының иегерлері атанғандар:

- Рахимгалиев Нуржан – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Есенов Санжар – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Кадесова Аяжан – Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Байболов Темірлан – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Мағауин Расұл – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Советқазин Әлішер – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы.

Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

 

Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!

 Біз балаларымызғаүздіктердің үздігі болуларына тілектеспіз!