2019 жылғы 15-25 желтоқсан аралығында Новосибирск қаласында "Жасыл көшедегі Кампус" халықаралық бейіндік ауысымы өткізілді. Біздің облысымыздан бейіндік ауысымға - облыстық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлеріробототехникаға, 3D - модельдеу және 3D – баспаға қызығушылық танытқан 10 оқушы қатысты.
Салтанатты ашылуында Новосибирск облысының Ғылым және инновациялық саясат министрі Алексей Васильев сөз сөйледі.
Ауысым бойы балалар шешендік шеберлік бойынша лекцияларға, мастер-класстарға, тәжірибелік-бағытталған ТРИЗГЕ кіріспе, жастар инновациясы кампусының жұмысына қатысты, Python бағдарламалау, роботехника, спартактарды жобалау, кәсіби бейнеконтент өндірісі, 3D - модельдеу және 3D - баспа бағыттары бойынша жұмыстармен айналысты. Ауысым аясында оқудан басқа қатысушыларға «Үлкен ойын» атты мәдени-шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әр түрлі бағыттар бойынша оқудан өткен кампустың қатысушылары жобаларды әзірлеп, оларды тәлімгерлер мен сарапшылар алдында қорғай алды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша ШҚО қатысушыларының жобаларын қызықты, бірегей, өзекті, мазмұнды етіп атап өтті. Үздік жобалар үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.



