Игі дәстүр бойынша облыс орталығында «Ертіс концерт» мәдениет үйінде 2019 жылдың 24 желтоқсанында Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан сондай-ақ дарынды, оқуда, спортта, және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 9-13 жас аралығындағы 450 бала жиналды.
Жаңа жылдық қойылым биылғы жылы «Біз– еліміздің жарқын болашағымыз!» тақырыбына арналды.
Балалар үшін тосын сый мен ғажайыптарға толы мереке ұйымдастырылды. Балалар шыршаға әдемі карнавалдық костюмдер киіп келіп, келе жатқан Жаңа жылдың символы Тышқанға – әртіс болу арманын жүзеге асыруға көмектесті. Сүйікті ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық мерекені ғажайып ертегіге айналдырды.
Бұнымен қойылым аяқтала қойған жоқ. Балалар үшін көңілді квест өткізілді, нәтижесінде әр қатысушы тәтті десертке ие болды. Танымал балалар ертегілерінің кейіпкерлері: Эльза, Олененок, Эльф, гномдар және қонжық Тедди Аяз Атаның жайлы шеберханасында дайындалған сыйлықтарды табыс етті. Балаларға Роботтар-трансформерлермен және мерекенің басқа да кейіпкерлерімен фотосессия өте жағымды әсер қалдырды.
Мереке соңында жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының атынан тәтті сыйлықтар мен заманауи ноутбуктер табыс етілді.
Жалпы, ұйымдастырушылар іс-шараларға қатысушылар үшін олардың әрбір келген жерінде мерекелік көңіл күй сыйлай алды: кешкі уақытта тұратын жерлерде ұлдар мен қыздар «Танысу кешінде» жаңа достар тапты, интеллектуалдық және үстел ойындарын ойнады, оларға спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Балалар «Қасқыр, жеті лақ және...» атты облыстық драма театрында сахналанған қойылымды, «Юбилейный» кинотеатрында «Холодное сердце» мультфильмін тегін тамашалауға мүмкіндік алды.
Игі іс жасау, жүректерге жылу сыйлау, ертегі мен ғажайыпқа сенуге үйрету – бір деммен өткізілген мерекенің басты мақсаты.
Келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтаймыз! Денсаулық пен бақыт және барлық армандар орындалсын деп тілейміз!








