Жаңа жылдық салтанат біздің үйімізге қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Ертіс концерт» облыстық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі 150 балаға арналған жаңа жылдық шырша кешін өткізді.
Жаңа жылдық қойылым биылғы жылы «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» тақырыбына арналды. Балалар сиқырлы ертегі-оқиғалар кейіпкерлерімен бірге келе жатқан жыл Тышқанға өз арманын жүзеге асыруға –әртіс болуына көмектесті.
Қойылымнан кейін балаларға көңілді квест өткізілді, нәтижесінде әрбір қатысушы тәтті десертке қол жеткізді. Танымал балалар ертегілерінің кейіпкерлері: Эльза,Олаф және қызықты гномиктер Аяз Атаның жайлы шеберханасында дайындалған сыйлықтарды табыс етті.
Мереке соңында облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға құттықтау ашық хаттар, жаңа жылдық кулёктар және ноутбуктер табыс етілді.
Игі іс жасау, жүректерге жылу сыйлау, ерекше балаларды олардың ата-аналарын қуанту, ертегі мен ғажайыпқа сенуге үйрету – бір деммен өткізілген мерекенің басты мақсаты.
Келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтаймыз! Денсаулық пен бақыт және барлық армандар орындалсын деп тілейміз!

