-
Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Шығыс Қазақстан облысының орта мектептері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында облыстық интеллектуалдық конкурстарды (бұдан әрі - Конкурс) өткізу тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.
1.2. Осы Ереже конкурстардың мақсаттары мен міндеттерін, конкурстың жұмыс органдарын, конкурсқа қатысушылар ортасын, конкурсқа қойылатын талаптарды, конкурстарды өткізу тәртібі мен мерзімдерін, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібін анықтайды.
1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы болып табылады.
1.4. Конкурсқа барлық қатысушылар алдын-ала іріктеусіз қатысады. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы. Қатысушыларды олардың тілектеріне қарсы конкурсқа қатыстыруға тыйым салынады. Байқауға қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты дарынды балалардыанықтауүшін жағдай жасау болып табылады.
2.2. Конкурстың міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлауын, қиялын дамыту
- оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін ынталандыру;
- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру және белсендендіру.
3. Конкурстың жұмысшы органдары
3.1. Конкурсқа даярлық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
3.2. Ұйымдастыру комитеті:
- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылық жасайды;
- конкурстарды өткізуге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- қорытындыларды талдап, қорытады.
3.3. Конкурсты орындарда ұйымдастыру үшін үйлестіруші тағайындалады. Әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер, білім беру бөлімдерінің өкілдері үйлестіруші бола алады.
3.4. Үйлестірушінің міндеті:
- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы жасау;
- конкурсты нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастыру.
4. Конкурсқа қатысушылар
4.1. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
4.2. Конкурсқа қатысу фактісі қатысушы аталған Ережемен танысқанын және келісті дегенді білдіреді.
5. Конкурстық жұмысқа талаптар
5.1. Осы Ережеде көрсетілген конкурстық жұмыс жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылған міндеттерді нақты шешуді білдіреді.
5.2. Әр жас тобына тест тапсырмалары ұсынылады.
Барлығы – жауаптардың 4 нұсқасымен 30 тест тапсырмалары.
6. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
6.1. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минут уақыт беріледі.
6.2. Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген мерзімде ашылады.
6.3. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.
6.4. Ұйымдастыру комитеті жауап бланкілеріне тексеру жүргізіп, әр қатысушының қорытындысын анықтайды. Өткізілген мерзімнен бір ай өткеннен кейін үйлестірушілерге жеткізіледі.
6.5. Конкурс аяқталғаннан кейін ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды және дарынды балалардың деректер банкіне енгізеді.
7 .Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
7.1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталады. Облыстық интеллектуалды конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары республикалық сауықтыру лагерлеріне жолдамамен марапатталады.
8. Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланкілерін әзірлеу, көбейту, грамота әзірлеу, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылар есебінен жүзеге асырылады.