Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 13-15 желтоқсанда Өскемен қаласында «Бояулар құпиясы» облыстық сырттай шығармашылық байқауынөткізді.
Байқаудың мақсаты: бейнелеу өнері арқылы білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнері арқылы олардың кәсіби бағдарларын ынталандыруға жағдай жасау.
Байқауға 8-15 жас аралығындағы 106 оқушының шығармашылық жұмыстары қабылданды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар 6 номинация бойынша анықталды: 1 орынмен – 16 оқушы, 2 орынмен – 15 оқушы, 3 орынмен – 21 оқушы (1 қосымша) марапатталды.
Байқаудың қорытындысы бойыншаv барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!