+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Компьютерлік физика – 2012» халықаралық олимпиадасына қатысу қорытындысы
08 Ақп, 10:25

2012 жылы 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында дәстүр бойынша Мәскеу облысының Протвино қаласында (Ресей) негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар ителлектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен «Компьютерлік физика - 2012» халықаралық олимпиадасы өткізілді.cut

Шығыс Қазақстан облысы  оқушыларының командасының атынан әр түрлі типтегі жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқитын  9 оқушы қатысты.

Олимпиада бірнеше кезеңде өткізілді:

1) «Виртуалды физикалық лаборатория» сайысы (есептерді компьютерде сандық модельдеу арқылы шешу);

2) индивидуалды жарыстарды, компьютерлік талдау саласындағы презентацияларды қамтитын компьютерлік шығармашылық сайысы, сондай-ақ «Интеллектуалды компьютерлік ойын» командалық жарысы;

3) оқушылардың физика және математикадан индивидуалды ғылыми жоба қорғауы;

Қатысушылардың жұмысын құрамына Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінің ғалымдары кіретін әділқазылар бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың барлық оқушылары жеңімпаз атанды.

І дәрежелі дипломмен 5 оқушы:

- Распопин Богдан, Окпенов Роллан – Семей қ., қазақ-түрік лицейінің оқушысы;

- Даулетханова Еркежан – дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаттың оқушысы;

- Курманова Анар - Өскемен қ., №44 мектеп-лицейдің оқушысы;

- Оспанов Жандос - Өскемен қ., №3 мектеп-гимназияның оқушысы;                  

ІІ дәрежелі дипломмен  :

- Аменова Іңкәр -  Өскемен қ., №16 орта метептің оқушысы;

- Ерубаев Жанибек -  Өскемен қ., қазақ-түрік лицейінің оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен  :

- Еламан Мөлдір - Өскемен қ., №3 мектеп-гимназияның оқушысы;

- Камбаров Едильжан - Өскемен қ., қазақ-түрік лицейінің оқушысы марапатталды.  

Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мектеп мұғалімдерінің оқушыларды жүйелі дайындауы, сонымен бірге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдарының және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қызметкерлерінің бастауымен оқушылар арасында консультациялар жүргізілуі ықпал етті.

Халықаралық олимпиаданың жүлдегері ретінде барлық оқушылар Шығыс Қазақстан облысы әкімі стипендиясының иегері болды. Олар туралы мәліметтер ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығындағы облысымызың дарынды балалар деректер жиынтығына, «Шығыс дарындары» кітабына енгізіледі.