Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылдың 12 қарашасында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» облыстық қашықтықтан авторлық өлеңдер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру, Қазақстанның салт-дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге баулу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Облыстық конкурсқа 10-17 жас аралығындағы оқушылардың 97 жұмысы ұсынылды.
Байқауға қатысушылар өз халқының, өлкенің тарихын, салт-дәстүрлерін, тәуелсіз Қазақстанның мәдениетіне, оның ішінде елдің қалыптасуының негізгі оқиғаларына өз өлеңдерін арнады.
Байқаудың білікті қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады: сауаттылығы, әдеби норманың сәйкестігі, көркемділігі және мазмұны, ақындық сауаттылығы (өлшемі, ырғағы, ұйқастығы, әуенділігі), байқау тақырыбының ашылуы және сәйкес келуі.
Байқаудың белсенді қатысушылары Семей, Өскемен қалаларының және Ұлан, Аягөз, Басқарағай аудандарының оқушылары болды.
Байқау қорытындысы бойынша 2 жас ерекшеліктегі 47 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын - 9; 2 орын - 16; 3 орын - 22 (қосымша).
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!