Мемлекеттік мереке қарсаңында ШҚО білім басқармасының "Дарын" дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 13 желтоқсанында "Біз-Қазақстанның жарқын болашағымыз" атты бірінші облыстық өнер байқауын өткізді.
Байқауға қосымша білім беру ұйымдары мен облыстың жалпы білім беру мекемелерінің "Аспаптық өнер", "Вокалдық жанр" және "Хореография" номинацияларында жас санаттары бойынша шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты: кіші топ – 5-8 жас; екінші санат - 9-10 жас; орта топ – 11-13 жас; үлкен топ - 14-17 жас.
Байқауға барлығы 13 хореографиялық ұжым (77 адам) және 168 жеке орындаушы қатысты. Қазылар алқасы Өскемен қаласы, Аягөз қаласы, Жарма, Глубокое, Шемонаиха аудандарынан ең талантты, музыкалық, өнерлі балаларды анықтады. Сондай-ақ, Ұлан, Катонқарағай, Үржар, Күршім аудандары, Риддер және Курчатов қалаларының көркем өнерпаздарының ұсынылған нөмірлері атап өтілді.
Байқау қорытындысы бойынша барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды
Бас жүлдеге "Аспаптық орындаушылық" номинациясында Риддер қаласынан Сагандыков Санжар, "Вокалдық жанр" номинациясы бойынша Аягөз қаласынан Кәдірбеков Нұрасыл, "Хореография" номинациясы бойынша Аягөз қаласының "Ай ерке" би ұжымы ие болды. Бірінші орын-13, екінші орын – 20, үшінші орын – 30. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді. Гран-при иегерлері 30 000 теңге сомасында "Saund Lend" сертификатына және конкурстың естелік кубоктарына ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жаңа жылда шығармашылық табыстар мен жаңа кездесулер тілейміз!.




