+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қашықтықтан кезеңінің қорытындысы
13 Жел, 17:08

2019 жылғы 11 желтоқсанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қашықтық кезеңі өтті.

Облыстық кезеңнің 200-ден астам жеңімпаздары мен жүлдегерлері бейіндік пән бойынша онлайн тестілеуге қатысты.

Тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математика пәндері бойынша өту ұпайын жинаған қатысушылардың жұмысы алдын-ала сараптамаға жіберіледі.

Алдын ала сараптама нәтижелері 2020 жылдың ақпан айында Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне қатысушыларды анықтайды.

Секциялар бойынша іріктеу кезеңіне өту ұпайы:

Физика, Техника, Жер және Ғарыш туралы Ғылым – 45 ұпай;

Математика, қолданбалы математика – 45 ұпай;

Экономика – 55 ұпай;

Биология, қоршаған ортаны қорғау – 58 ұпай;

Қалған секциялар бойынша –60 ұпай.

Командалық жұмыстың өтуі үшін жұмыс авторларының жинаған орташа арифметикалық ұпай саны есептеледі.