+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының арнайы және түзету мектеп-интернатының оқушыларының арасында баскетболдан облыстық «Спешиал Олимпикс» қозғалысы жарысының өткізілуі туралы ақпарат
13 Жел, 15:13

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылғы 11–12 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының арнайы және түзету                                                                        мектеп-интернаттарының оқушылары арасында баскетболдан облыстық «Спешиал Олимпикс» қозғалысының жарысы өткізілді.

        Іс-шараның мақсаты:

Облыстың қосалқы мектептерінде баскетболды насихаттау.

Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 топ

І орын- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Қосалқы мектеп-интернаты" КММ Семей қ.;

ІІ орын – Алтай қ. «№1 түзету мектеп-интернаты» КММ;

ІІІ орын – Өскемен қ. «№21 қосалқы мектебі».

2 топ

І орын – Серебрянск қ. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп-интернат» КММ;

ІІ орын – Риддер қ. «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп – интернаты»;

ІІІ орын - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты" КММ Семей қ.;

ІІІ орын – Өскемен қ. Жасөспірімдер үйі.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубоктармен марапатталды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!