«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Н.А.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында, «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу тамаша дәстүрге айналды. Қазақстан бүгінде мықты мемлекет! Оның қалыптасып, қуатты мемлекетке айналуында басты тұлға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше.
2019 жылғы 29-30 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық кезеңдерден өткен 300-ге жуық белсенділер мен көшбасшылар Өскемен қаласына келіп, өздерінің таланттары мен жетістіктерін көрсетті.
Конкурс дәстүрлі түрде бірнеше кезеңде өткізілді. Бірінші кезең Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналды. Қатысушылар «Жеңіс үшін рахмет!» акциясын өткізді. Акция аясында оқушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, ардагерлердің жесірлерімен, тыл еңбеккерлерімен және концлагерь тұтқындарымен, соғыста болған балалармен кездесулер ұйымдастырды. Олар ардагерлердің естеліктерін және соғысқа қатысқан ардагерлер туралы, адамдар өміріндегі тарихи жағдайлар жайлы жазды. Бейнероликтерінде майданнан келген хаттарды, мұрағат құжаттарын, фотосуреттерді, марапаттарды, т.б. пайдаланды.
Конкурстың екінші кезеңі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта өтті. Жас белсенділер мен көшбасшылар капитандар конкурсына қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің негізгі мақалаларының мазмұны бойынша өз білімдерін көрсетті.
Ең әсерлі және көз тартарлық болған қорытынды кезең – «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты театрландырылған сахналық қойылым болды. Көрермендер залы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сахнасындағы оқиғаларға куә болып отырды. Әр команда шағын спектакльдерінде поэзияға, ғылымға, ағарту ісіне, мәдениетке, сонымен қатар, өз Отанын қорғауға арнаған ұлы тұлғаларды сомдады.
Қатысушылардың орындауын құрамында атқарушы билік органдарының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялылар және қоғам қайраткерлері бар білікті қазылар алқасы бағалады.
Көрермендерге жарқын эмоциялық әсер берген ......командаларының қойылымдары болды.
Бірнеше кезеңде өткен конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасы жалпыкомандалық есепте, сонымен қатар әр айналым бойынша анықтады.
Конкурстың Бас Жүлдесі облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасына берілді (диплом мен телевизор).
І орын (диплом мен ноутбук):
-. Абай ауданы;
- Алтай ауданы;
- Зайсан ауданының командаларына берілді.
ІІ орын (диплом мен планшет):
-. Глубокое ауданы;
- Үржар ауданы;
- ІТ-мектеп-лицейі;
- Облыстық мамандандырылған Жамбыл ат. мектеп-гимназия-интернаты;
- Ш. Уәлиханов ат. «Жас Ұлан» арнайы ерлер-мектеп-лицейінің командаларына берілді.
ІІІ орын (диплом мен қуаттау құралы):
-. Аягөз ауданы;
- Бородулиха ауданы;
- Жарма ауданы;
- Катонқарағай ауданы;
- Семей қаласы;
- Тарбағатай ауданы;
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің командаларына берілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Келешекте көшбасшылық қасиеттерін, патриоттық рухты, өз Отанын дәріптеуді дамытуда табыс тілейміз!

