2019 жылғы 19 мен 25 қараша аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы командаларының қатысуымен «Жұлдызша» шайбалы хоккейден мектеп оқушылары арасындағы республикалық жарысы өтті.
Жарыстың жабылу салтанатына құрметті қонақтар: Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар және Шығыс Қазақстан облысының хоккей Федерациясының директоры Юрий Анатольевич Селеверстов қатысты.
Хоккей турнирі адал және ымырасыз күресте мықтыларды анықтап қана қоймай, әр ойыншыға тамаша әрі қызықты ойын көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
І орын – Өскемен қаласының қомандасы;
ІІ орын – Қарағанды қаласының командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы;
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!