+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Ақберен» байқауының қорытындысы
27 Қар, 10:51

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 19-24қарашааралығында Щучье қаласында№7 қазақ мектеп-лицей базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен»  байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың  гуманитарлық-эстетикалық  ғылымдар  саласында  кәсіптік  қызметін  таңдауға  шығармашылық  қабілетті,  өлең  жазу,  тапқыр  талантын,  дарындылығын  ашу,  олардың  әмбебаптық  қабілеттеріне  баса  ден  қою,  шығармашылық  қабілеттерін  айқындау.

Республикалық байқауға Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 108 оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған 6 оқушы алты номинация бойынша қатысты: шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы.

  Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша Катонқарағай ауданы, Юбилейное орта мектебінің  10 сынып оқушысы Жарқынбек Самғар, «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Ұлан ауданы, Ізғұтты Айттықов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Харжаубай Байболсын байқаудың қорытындысымен ерекше көзге түсіп жүйрік деп танылып,  ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Жарма ауданы, Абай атындағы мектеп бала-бақша кешенінің 10 сынып оқушысы Омарғали Аружан ІІI дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша Семей қаласы, №37 орта мектептің 10 сынып оқушысы Тұрсын Мағжан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мақтау қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар, оқушыларды байқауға дайындаған ұстаздар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мақтау қағазымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!