+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
25 Қар, 09:58

2019 жылдың 23 қарашасында Өскемен қаласы, №47 жалпы білім беретін мектеп базасында 8-11 сынып аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіөтті.Шара ұйымдастырушылары ШҚО білім басқармасы және Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы болды.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, облысымыздың интелектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Өткізілген іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келген 400 ден астам оқушыны біріктірді.

Конкурстың қатысушылары зерттеу жұмыстарын физика, техника, жер және Ғарыш ғылымдары, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, құқық негіздері, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімдері секцияларында ұсынды. Оқушылар жұмыстарды жеке және командалық түрде қорғады.

Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 215 оқушы (173 жоба) жеңімпаз атанды:

I дәрежелі дипломмен - 35 оқушы (30 жоба);

ІІ дәрежелі дипломмен - 72 оқушы (57 жоба);

III дәрежелі дипломмен - 108оқушы (86жоба) марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Қатысушы оқушыларға 11 желтоқсан күні Өскемен қаласында өтетін республикалық іріктеу кезеңінде (қашықтықтан тестілеу) сәттілік тілейміз.