Оқушыларды тілдерді зерттейтін ғылымға тарту мақсатында 2019 жылдың 20 қарашасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Лингвистикадан республикалық олимпиада, ол IOL Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі.
IOL 12 халықаралық олимпиаданың бірі болып 2003 жылдан бастап жыл сайын теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистикадан оқушылар арасында өткізіледі. Олимпиада өз жүлдегерлеріне Ұлыбританияның,Нидерландтың, Ресейдің, АҚШ, Францияның беделді университеттерінің лингвистикалық бөлімдері мен факультеттеріне түсуге мүмкіндік сыйлайтын жақсы дайындық алаңы болып саналады.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне тіл туралы ғылымды зерттеуге қызығушылық танытатын 40-қа жуық оқушы қатысты.
Балалар белгіленген уақыт аралығында, әдетте оларға таныс емес тілдегі мәліметтерді қамтыған бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-
Толқынбаев Батыр – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы;
-
Сансызбаев Бауыржан – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 8 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-
Толеуов Санжар – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы;
-
Шпак Амина – Алтай қаласы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
-
Оралханов Амир – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы;
-
Айдынқызы Ботагөз – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
-
Порубова Юлия – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған IT –мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
Жүлдегер атанып, ІІІ дипломмен марапатталғандар:
-
Қайратұлы Дәулет – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта смектептің 9 сынып оқушысы;
-
Лихобабина Людмила – Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;
-
Увалиев Санжар – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы;
-
Оттенс Степан – Алтай қаласы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;
-
Саликжанова Зарина – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
-
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!