+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19 Қар, 18:02

Президенттік олимпиада – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті       Н. Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасымен 2008 жылдан бері өткізілетін маңызды зияткерлік шара болып саналады.

Олимпиаданың мақсаты – патриоттық рухты, мықты, зияткер, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқу.

Олимпиада қыркүйекте басталып, қазанда аймақтық кезең нәтижелері бойынша жоғары бал жинаған 20 оқушы қатысқан қашықтық кезеңмен жалғасты.

Қорытынды кезең Теміртау қаласында 2019 жылдың 12-15 қарашасы аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетібазасында өтті.

ШҚО командасын олимпиаданың іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен жас дарындар ұсынды.

Әділқазылар алқасы құрамында өткен жылдардың халықаралық және                         Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, студенттер, отандық және шетелдік үздік жоғары оқу орындарының магистрлері мен                       PhD докторлары болды. Қазылар алқасының құрметті мүшелері ретінде                                    Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақстан-Британ техникалық университетінің,                                Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары шақырылды.

ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Берестов Максим ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.

Ерекше жетістіктер көрсеткендері үшін «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталғандар:

- Такеев Тамерлан – Семей қаласы, экономикалық лицейдің оқушысы;

- Оспанова Томирис – Шемонаиха ауданы, Н.Островский ат.№1 жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясының оқушысы;

- Губарьков Кирилл – Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің оқушысы; 

- Рахмашев Асыл – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған                      «Білім-инновация» лицейінің оқушысы.

Шараның мәдени-танымдық бағдарламасының аясында қатысушылар              Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына және Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрына саяхаттады, сонымен қатар Теміртау қаласының көрнекі жерлерін аралады.

 

Олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңіс тілейміз!