1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:
1. Осы байқаудың мақсаты:
Қатысушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін және орындаушылық шеберлігін жетілдіру;
Музыкалық білімнің мәртебесін арттыру;
Музыка метептерінің кәсіби болашағы зор оқушылар мен педагогтарды анықтау;
Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін мастер-класстар өткізу;
Оқушылардың қосымша музыка білімінің тиімділігіне кешенді баға;
2. БАЙҚАУДЫ ЖҮРГІЗУ РЕТІ:
Балалар музыка метептерінің және Өнер мектептерінің қатысушыларының байқауы жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың арасында өткізіледі;
Жеке орындаушылар байқауы жас мөлшері бойынша кіші, орта және жоғары топтар бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызында өткізіледі:
кіші өспелі топ – 10-ды қоса алғанда 10 жасқа дейін
орта өспелі топ - 11 жасты қоса алғанда 13- ке дейін
жоғары топ – 17 жасқа дейін.
байқауды кезеңдеп өткізуді басқару және жауапкершілік Білім басқармасына жүктеледі.
Байқаудың бағдарламалық талаптары кіші өспелі топтың қатысушыларына музыка мектебінің ІІІ сынып оқушыларының бағдарламалық талаптарынан төмен болмауы тиіс, орта өспелі топтың IV сыныбынан төмен емес, жоғары топтың V сыныбының бағдарламалық талаптарынан төмен емес.
Кіші және орта топтар үшін Байқау бір айналымда, ал жоғары топ үшін – екі айналымда өтеді. ІІ-ші айналымға қатысушылардың үштен бір бөлігіне ғана қатысуға рұқсат етіледі.
Республикалық байқауға жеке орындаушылар мен ұжымдардың іріктеу кезеңдері:
1.) мектептік;
2.) облыстық.
Байқау алдымен жеке орындашылардың арасында, кейіннен ұжымдар арасында өтеді. Ансамбль қатысушыларының құрамы 8-ден кем емес, ал оркестр ұжымдарының құрамы 30 қатысушылардан көп болмауы тиіс.
Сандық құрамға сәйкес (қазақ халық аспаптарының ансамблі /немесе оркестрі/ және орыс халық аспаптарының ансамблі/ немесе оркестрі/. Бірін-бірі алмастыруға болмайды) ұжымның республикалық Байқауға қатысу шешімін облыстық қазылар алқасы қабылдайды.
10. Мамандандырылған сынып оқушыларының Байқауы жеке орындаушылар арасында екі айналымда және екі өспелі топта өтеді.
1) орта өспелі топ – 12 жастан 15 жасқа дейін, 15-ті қоса алғанда;
2) жоғары өспелі топ – 16 жастан 18 жасқа дейін, 18-ді қоса алғанда.
11. Байқауға қатысушылардың шығу реті жеребе тастау арқылы анықталады.
3. БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ МЕРЗІМІ:
1. Облыстық байқаудың өту мерзімі 2012 жылдың 1 наурызына дейін.
2. Республикалық Байқауға қатысу өтінімі және орындау бағдарламасы, қосымша ұжымның тізімі мен қатысушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі, электронды және қағаз нұсқасы бойынша 2012 жылдың 7 наурызына дейін қабылданады. Жеке орындаушылардың өздерімен бірге туу туралы куәліктері болуы тиіс (Орындау бағдарламасын, өтінімдегі нұсқауды өзгертуге болмайды).
3. Байқаудың өту мерзімі, өту орны және қатысушылардың келуі (жеке орындаушылар, ұжымдар) қосымша хабарланады.
4. БАЙҚАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
1. Облыстық білім беру бақармасы Байқаудың өтуін және облыстық байқаудың қазылар алқасының шешімінің қорытындысы бойынша қатысушыларды марапаттауды қаржыландырады.
2. Республикалық Байқауға қатысушылардың жол ақысы, күнелтуі және тамақтануы – жіберуші жақтан, ал Байқауды жүргізудің қалған шығындары Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жобақаржысына сәйкес.
3. Республикалық Байқауға қатысушылар саны сандық құрылымға сәйкес анықталады.
4. Іссапар кезінде ұстаздардың және сүйемелдеушілердің, оқушыларды қостаушылардың еңбек ақылары сақталады.
5. Ұстаздар және сүйемелдеушілер, республикалық Байқаудың иегерлері атанған оқушылар Қазақстан Рсепубликасының білім және ғылым Министрлігінің грамоталарымен марапатталады.
5. БАЙҚАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Балалар музыка мектептерінің, Өнер мектептерінің оқушылары үшін
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
ДОМБЫРА
Кіші топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Орта топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Жоғары топ
1 айналым: 1.Екі әр түрлі сипаттағы күй (шертпе, төкпе).
2. Аса шебер орындалатын шығарма.
2 айналым: 1.Орыс, кеңес және батыс сазгерлерінің шығармалары.
2. Орындаушының қалаған шығармасы.
ҚОБЫЗ
Кіші топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Орта топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Жоғары топ
1 айналым: 1. Халықтық стилде орындалатын пьеса (күй)..
2. Өңделген немесе лайықталған халық әуені.
3. Орыс, кеңес немесе батыс сазгерінің шығармасы.
2 айналым: 1. Күрделі форма (концерт).
2. Орындаушының қалаған шығармасы.
ҚЫЛ ҚОБЫЗ
Кіші топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Орта топ
Сүйемелдеумен әртүрлі мінез-құлықтағы 3 пьеса, олардың бірі – орыс, кеңес, батыс және қазақ сазгерінің шығармасы.
Жоғары топ
1 айналым: 1. Екі түрлі сипаттағы күй (кварт, квинт ретімен).
2. Орыс, кеңес немесе батыс сазгерінің шығармасы.
2 айналым: 1. Күрделі форма (концерт).
2. Орындаушының қалаған шығармасы (халық күйін таңдауына болады).
ШЕРТЕР
Кіші топ
Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
Орыс сазгерінің пьесасы.
Өңделген халық әуені
Орта топ
Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
Шетел сазгерінің пьесасы.
Өңделген халық әуені немесе халық күйі.
Аса шебер орындалатын шығарма немес концерт (1 б. немесе 2-3б.)
Жоғары топ
1 айналым: 1. Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
2. Өңделген халық әуені немесе халық күйі.
3. Аса шебер орындалатын шығарма.
2 айналым: 1. Концерт (І бөлігін немесе ІІ-ІІІ бөлігін).
2. Шығарма немесе күй (орындаушының таңдауына қарай).
ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
БАЯН, АККОРДЕОН
Кіші топ
1. Кантилена.
Қазақстан сазгерінің пьесасы.
Ірі үлгідегі шығарма немесе өңделген халық әуені
Орта топ
1.Аса шебер орындалатын шығарма.
2. Полифониялық шығарма (баян үшін – таңдаулы клавиатурада).
3. Ірі үлгідегі шығарма немесе өңделген халық әуені
4. Қазақстан сазгерінің пьесасы
Жоғары топ
1 айналым: 1. Аса шебер орындалатын шығарма.
2. Полифониялық шығарма (баян үшін – таңдаулы клавиатурада).
3. Қазақстан сазгерінің пьесасы.
2 айналым: 1. Өңделген халық әуені.
2. Ірі үлгі(вариация, өңдеу, халық әуендерін лайықтау, концерттік пьесалар).
ДОМРА, БАЛАЛАЙКА
Кіші топ
1. Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
XVII-XIX ғғ. сазгерлердің лайықталған пьесалары.
Өңделген халық әуендері
Орта топ
1. Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
2. XVII-XIX ғғ. сазгерлердің лайықталған пьесалары.
3. Өңделген халық әуендері
4. Аса шебер орындалатын шығарма немесе концерт (1 б. немесе 2-3б.)
Жоғары топ
1 айналым: 1. Лайықталған немесе өңделген қазақ халық күйі, әндері немесе қазақ сазгерлерінің шығармалары.
2. Өңделген халық әуендері.
3. Аса шебер орындалатын шығарма.
2 айналым: 1. Концерттің І бөлімі немесе ІІ-ІІІ бөлімі.
2. Қалауымен орындалатын шығарма.
ГИТАРА
Кіші топ
1. Классик- сазгердің шығармасы.
2. Гитараға өңделген қазақ халық әндері немесе Қазақстан композиторлары пьесалары.
3.Қалауымен орындалатын шығарма.
Орта топ
1. Классик- сазгерлер шығармасы.
2. Гитараға өңделген қазақ халық әндері немесе Қазақстан композиторлары пьесалары.
3. Күрделі форма (рондо, сонатинолар, сюиталар т.б. мен халақ тақырыбындағы
варияциялар).
4. Қалауымен орындалатын шығарма.
Жоғарғы топ
1 айналым: 1. Классик сазгердің шығармасы.
2. Гитараға өңделген қазақ халық әні немесе Қазақстандық композитор пьесалары.
3. Аса шебер орындалатын шығарма.
2 айналым: 1. Күрделі форма немесе полифониялық шығарма.
2. Қалауымен орындалатын шығарма.
Оркестрлер, ансамбльдер.
Орекстрлер, ансамбльдердің конкурстық өнерін тамашалау бағдарламаларында әр түрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі өңделген қазақ халық әуені немесе Қазақстандық сазгерінің шығармасын енгізу керек. Байқауда орындалатын шығармалар саны – төрттен кем болмауы керек. Әр ұжымның шығармаларды орындау уақыты 15-20 минуттан аспауы тиіс. Оркестр, ансамбль құрамында тек бір оқытушы ғана дирижер немесе орындаушы ретінде қатынасуға құқылы.