ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы, «Қазақстан шайбалы хоккей Федерациясы» РҚБ және ШҚО білім басқармасымен бірлесе отырып 2019 жылғы 19 қараша күні сағат 11.00 –де Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің хоккей модулінде оқушылар командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық жарысының ашылу салтанаты болды.
Республикалық турнирге қатысуға Алматы қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының командалары келді.
Турнирдің мақсаты:
- салауатты өмір салтын насихаттау және ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту;
-мектеп жасындағы балаларды спортпен шұғылдануға шақыру;
-еліміздің құрама командалар резервін құру үшін дарынды ойыншыларды анықтау;
-шайбалы хоккейдің даму деңгейін анықтау.
Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық турнирі 2019 жылғы 19-25 қараша аралығында өткізіледі.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!

