Бүгін 2019 жылдың 19 қараша Семей қаласында Жастар жылына арналған А. Зазуля мен И. Кравцовты еске алу Кубогы жасанды рельефте спорттық туризм және туристік көпсайыс бойынша облыстық ашық жарыстар ашылды. Жарысқа қалалар мен аудандардың 26 құрама командасы, сондай-ақ спорттық және туристік клубтар, оқу орындары мен мектептен тыс ұйымдардың командалары қатысты.
Жарыс аймақта спорттық туризм мен туристік көпсайысты дамыту бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.
Қатысушылар төрт жас категориясында жарысады:
І. Ересектер сыныбы (18 жас және одан жоғары);
ІІ. Жасөспірімдер сыныбы (15-17 жас);
ІІІ. Ұлдар сыныбы (12 – 14 жас);
ІV. Оқушылар сыныбы (11 және одан жас).
Жас туристер: «Туристік эстафета», «Блиц-жартас», «Техникалық трасса», «Жұптық жарыс», «Байлау», «Құтқару жұмыстары», және «Аспалы өткел» дистанцияларында жарысады.
Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!


