+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Өзіңе жол – өзін-өзі тануға жол!
14 Қар, 18:57

Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларының командасы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадада жалпы командалық 1 орынға ие болды.  

Олимпиада 2019 жылдың 12-14 қарашасы аралығында «Бөбек»  Республикалық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы базасында өтті.

Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау оларға рухани-адамгершілік білім беру.

Біздің облысымыздың намысын олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қорғады.  

Балалар өз  жобаларында бейбітшілікке, мейірімділікке және қоғамға риясыз қызмет ету жайлы көзқарастарын көрсете отырып, қазылар алқасының алдында  қорғай білді.

Қазылар алқасы біздің оқушылардың жоғары деңгейдегі сауаттылығын, олардың шығармашылығын, бастамашылдығын ескере отырып, жүлделі орындар тағайындады: 

І дәрежелі дипломдармен:

- Думанова Аружан  - Аягөз қалалық лицейінің  9 сынып оқушысы;  

- Кабдоллаева  Ақбота - Аягөз қалалық лицейінің  7 сынып оқушысы;  

- Еркін Толғанай - Аягөз қалалық лицейінің  8 сынып оқушысы марапатталды.

 Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз! 

Шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!