+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ясауитану» республикалық байқауының қорытындысы
12 Қар, 14:58

Рухани және тарихи мұраны насихаттау мақсатында 2019 жылдың 3-10 қараша аралығында облыс оқушылары республикалық «Ясауитану» байқауына қатысты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев біз үшін рухани тұлғаның орнын белгілеп «Егер қазақтардың рухани тарихын жазатын болса, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруі тиіс» деп атап өтті. Байқау 1998 жылы бірінші рет қалалық деңгейде өткізіліп, 2008 жылдан бастап республикалық деңгейде өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-тан астам жас талант көне Түркістан қаласына жиналды. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар Х. А. Ясауи хикметтерін білулері бойынша жарысты, екінші кезеңде Ясауи өмірі мен шығармашылығына, кесенесі мен экспонаттары туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл байқау ең күрделі жарыстардың бірі болып табылады, байқау ережесі бойынша әр қатысушы Х. А. Ясауидің 40 хикметін жатқа оқулары керек.

Байқау қорытындысы бойынша Зайсан ауданы Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайырбек Дильназ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Байқауға қатысушыларға басты туристік көрікті болып табылатын Түркістан тарихи қаласына, ақын - суфия Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпазын құттықтаймыз!