+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогі
07 Қар, 09:30

2019 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Алматы қаласында әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Шығыс Қазақстан облысының командасы 14-15 және 16-17 жас шамасындағы 12 қатысушыдан құралды. Сапалы дайындық мақсатында 2019 жылғы 14 қазан мен 24 қазан аралығында Семей қаласының № 44793 әскери бөлімінде оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Қатысушылар жеке және жалпыкомандалық есепте келесі әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарысты:

1) Тапаншадан ату;

2) Әскери-қолданбалы жүзу;

3) Әскерилендірілген кросс.

Кубоктың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 3 орынға ие болды.

14-15 жас аралығындағы жеке сынақта орын алғандар:

1) Қадірберген Бекжан – «әскери-қолданбалы жүзу» номинациясы бойынша 1 орын;

2) Нығметова Аида – «тапаншадан ату» номинациясында 3 орын.

Жеке сынақта 16-17 жас аралығында:

1) Икласова Ажар – «әскерилендірілген кросс» номинациясында 1 орын;

2) Габидуллин Жандос –«әскери-қолданбалы жүзу» номинациясында 2 орын»;

3) Бигалиева Назерке – «тапаншадан ату» номинациясында 2 орын;

4) Шакижанова Гайшабану – «тапаншадан ату» номинациясында 3 орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!