+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының жас шеберлері «Шеберлер қаласы» республикалық байқауында
06 Қар, 10:41

2019 жылы 02 қарашада Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өткізілді.

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген облыстық кезең жеңімпаздарының 90-ға жуық шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы, Күршім, Үржар және Жарма аудандарынан 5 оқушысы келесі номинациялар бойынша өнер көрсетті:

1.     «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың»;

2.     «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық»;

3.     «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;

4.     «Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;

5.     «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері».

Республикалық кезең қорытындысы бойынша Жарма ауданының П. Теряеватындағыорта мектептің 9 сынып оқушысы Жансая Тусупова «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық байқаудың жеңімпазын құттықтаймыз, ШҚО барлық жас шеберлерінешығармашылық табыс тілейміз!