Оқушыларға арналған халықаралық Олимпиада - 29 қазан мен 5 қараша аралығында Анталиядағы туризм академиясы Анталия қаласының әкімдігімен (Түркия Республикасы) бірлесіп және Түркия, Ресей, Қазақстан Республикасы, Түркия қонақүйлері федерациясының демеушілері мен жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен ұйымдастырған ашық және танымдық шара.
Олимпиадаға ТМД елдерінен, Ресейден, Қазақстаннан және Түркия Республикасынан мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиадаға біздің облысымыздан 11 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз дипломдарымен:
-
Өскемен қаласы, №38 гимназияның 11 сынып оқушысы Марат Ділназ;
-
Семей қаласы, №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Аксактемиров Амирлан;
-
Семей қаласы, үш тілде оқытатын Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 11 сынып оқушысы Нургалиева Дильназ.
Жүлдегер дипломдарымен:
-
Семей қаласы, №49 орта мектептің 11 сынып оқушысы Берікқалиева Еркежан марапатталды;
-
Семей қаласы, №37 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Аманжол Гулим;
-
Семей қаласы, үш тілде оқытатын Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 6 сынып оқушысы Ермекбаев Ансар;
-
Өскемен қаласы, №48 орта мектептің 9 сынып оқушысы Мұқаш Амира;
-
Семей қаласы, үш тілде оқытатын Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 6 сынып оқушысы Құмарқан Дияр;
-
Өскемен қаласы, №47 орта мектептің 11 сынып оқушысы Сайлаубеков Тимур;
-
Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов ат. №3 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Айдарқанова Альмира;
-
Семей қаласы, үш тілде оқытатын Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 6 сынып оқушысы Шәріпбаева Дариға.
Сондай-ақ, Олимпиада қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында оқушылар үшін Анталияның оқу орындарына (түрік мұғалімдері мен оқушыларымен кездесулер); Анталия аймағына саяхат; ойын-сауықтыру шаралары өткізілді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
