Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2019 жылдың 31 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Алматы қаласында өткізілген Республикалық интеллектуалды «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
Конкурс барысында оқушылар төрт номинация бойынша шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар өз елді мекенінің тарихы, көрікті жерлері жайлы бейнежазбалар мен эссе ұсынды. «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында жасалған макеттер түпнұсқасымен, ұлттық нақыштылығымен ерекшеленді.
Конкурсқорытындысы бойынша «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша ІІІдәрежелі дипломмен Күршім ауданы №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қақанқызы Жансаямарапатталды.
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен:
- Өскемен қаласы ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Волостнов Владислав;
- Алтай ауданы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Сизова Дарья марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!