2019 жылғы 28 қазан мен 02 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Талдықорған қаласында «Ұлы өнертапқышққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсына қатысты.
Байқаудың мақсаты білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Республикалық кезеңге республиканың барлық өңірлерінен конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары болған 150 - ден астам оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының командасында Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Аягөз, Жарма, Бородулиха және Зайсан аудандарынан 9 оқушы болды.
Оқушылардың ғылыми жобалары 9 номинация бойынша ұсынылды: автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру; өндіріс саласындағы техникалық құрастыру; ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру; әскери техника саласындағы техникалық құрастыру; су көлік саласындағы техникалық құрастыру; құрылыс облысындағы жобалар; жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар; авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер; космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді. 3 оқушы - бірінші, 2 оқушы - екінші және бір оқушы - үшінші орындармен марапатталды.
I дәрежелі дипломдармен:
- Жеңісбек Сұлубай, Жарма ауданының өнер-мектебінің оқушысы;
- Мейрамбеков Саятбек, Аягөз ауданының №10 орта мектептің оқушысы;
- Стрельцов Эдуард, Өскемен қаласы жас техниктер станциясының оқушысы.
IIдәрежелі дипломдармен:
- Заманбек Айбек, Зайсан ауданының шығармашылық орталығының оқушысы;
- Амангельдыев Асанали, Бородулиха ауданының Жезкент кентінің мектеп-лицейінің оқушысы.
III дәрежелі дипломмен Семей қаласы үш тілде оқытатын Шәкәрім атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Төлеуғазы Алема марапатталды.
Республикалық байқауға қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: М. Тынышпаев және І. Жансүгіров атындағы мұражайларға саяхаттар; виртуалды 3D панорамаға бару: «Jetysu Travel» туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығында Жетісу табиғаты мен тарихи орындарымен танысу, сонымен қатар қатысушылар үшін ракетомоделдеу және робототехника бойынша мастер-класстар ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!






