+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Халықаралық Білім олимпиадасы
29 Қаз, 16:37

Шығыс Қазақстанның дарынды балалары – республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрамындағы   11 оқушы Жерорта теңізі жағалауында орналасқан шуақты қала – Анталияда                    27 қазан мен 3 қараша аралығында өткізіліп жатқан Халықаралық Білім олимпиадасына қатысуда. 

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын анықтау және дамыту, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектепшілік оқу бағдарламасын игеру саласындағы білімдерімен алмасу және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту. 

Балалар жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өз білімдерін көрсетеді.

Бірінші күні өткен олимпиаданың ашылу салтанатында ұйымдастырушылар – Анталияның Туризм Академиясының және EDUANT халықаралық орыс мектебінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Кейін, балалар физика, география және химия пәндерінен олимпиадалық тапсырмалар орындады.

Алда балаларды қызықты оқу-танымдық бағдарлама күтуде. Оның аясында концерттік шаралар,шығармашылық конкурстар: «Мисс Олимпиада», «Мистер Олимпиада», «Минута славы», білім беру мекемелеріне саяхат, экскурсиялар мен теңіз серуендері, спорттық жарыстар және жаңа қызықты кездесулер мен ашылулар өткізіледі.  

Балаларға табыс пен жеңістер тілейміз!