Бүгін Қарағанды облысының Жезқазған қаласында химиядан Қ. Сәтпаев атындағы республикалық олимпиада бастау алды. Олимпиадаға республикамыздың барлық өңірінен 70 оқушы қатысады. Біздің облыстан үш оқушы – облыстық кезең жеңімпаздары қатысады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өткізілді.
Біздің дарынды оқушыларға сәттілік тілейміз!