1. Жалпы ережелер
1.. Осы Ереже «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. (бұдан әрі – Конкурс).
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) болып табылады.
3. Конкурстың басты мақсаты тұрақтылықты, тәуелсіздікті, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау әрекетіне белсенді және батыл, басқа мәдениет өкілдерімен конструктивті диалог құра білетін жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жадыны және әлеуметтік есті сақтайтын өскелең ұрпақты – қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу болып табылады.
4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерін оқушылардың санасына енгізу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің мазмұнын, Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын, ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын түсіндіру;
- оқушылардың туған өлке топонимикасы жөніндегі түсініктерін нақтылау және кеңейту;
- оқушылардың бойына отандастары алдындағы жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;
- оқушылардың рухани-адамгершілік және зияткерлік-шығармашылық іс-әрекеттерін белсендіру;
- туған өлке тарихына қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- оқушыларды сахна өнеріне араластыру;
- оқушылардың туған жерге, оның мәдениетіне деген тиімді және эмоциялық қатынастарын біріктіру;
- оқушылардың үздік жетістіктерін, патироттық тәрбие берудегі білім мекемелерінің іс-тәжірибелерін көрсету және насихаттау.
Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды,
- Конкурстың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- Конкурс шараларының түрлерін, өткізу формаларын анықтайды;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Конкурс қатысушылары
6. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 7-11 сыныптың белсенді оқушылары мен көшбасшылары қатыса алады.
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Конкурс«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын және Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, қазақ әдебиеті, өнері бойынша бағдарламаны қамтиды.
8. Конкурс екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (25 қазан - 1 қараша);
Екінші кезең– облыстық (30 қараша – 1 желтоқсан 2019 жыл, Өскемен қаласы).
Қатысушылардың келу күні – 30 қараша, (сағ 09.00-ге дейін), қайтуы – 1 желтоқсан.
9. Конкурсқа қатысу (№ 1 қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2019 жылғы 5 қарашағадейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі сұранысқа қоса тіркеледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі.
10. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 11 адамға дейін: 10 қатысушы және 1 топ жетекші.
Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.
Ұйымдастыру комитетінің ұйғаруымен квотадан тыс жатар орны мен тамақтануы ұсынылмаған оқушылардың театрландырылған-сахналым қойылымына қатысуына рұқсат етілген.
11. Топ жетекшісі Конкурсқа қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
12. Конкурсқа келіп жеткен соң, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен мен білім беру ұйымдарының, үйінің мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің тегі, аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);
4) қатысушының төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
5. Конкурсты өткізу шарттары
13. Конкурс үш айналымда өтеді.
1 айналым – Үй тапсырмасы – ҰОС жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс үшін рахмет!» акциясы – Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, ардагерлердің жесірлерімен, тыл еңбеккерлерімен және концлагерь тұтқындарымен, соғыста болған балалармен кездесулер ұйымдастыру,
Мүмкіндігінше ардагерлердің естеліктерін және соғысқа қатысқан ардагерлер туралы,, адамдар өміріндегі тарихи жағдайлар жайлы жазып өңдеу қажет. Жазу барысында міндетті түрде майданнан келген хаттарды, мұрағат құжаттарын, фотосуреттерді, марапаттарды, т.б. пайдалану құпталады.
-
Акцияны өткізу мерзімі: 6 – 13 қараша, 2019 жыл.
-
Акцияның өтуі жөніндегі бейнеесеп (бейнежазуда өткізілген уақыты белгіленуі қажет) флеш-жиынтығанда ұсынылады және 2019 жылдың 18 қарашасына дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абай даңғылы, 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Акция жас ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау мақсатында өткізіледі.
Өткізілген акцияны қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып бағалайды:
-
Акция тақырыбына сәйкестігі;
-
Көкейкестілігі;
-
Әлеуметтік маңыздылығы;
-
Инновациялығы;
-
Серіктестік. Өткізілген акцияға акция нысанының, жұртшылықтың жауабы (пікірлер, түсіндірмелер);
-
Ақпараттық қамтылуы;
-
Фотосуреттер сапасы
Ескертпе: 2019 жылғы 18 – 22 қараша аралығында өткен акцияның бейнеесебі ғана үй тапсырмасы шеңберінде бағаланады.
2 айналым









